Сарыағашта неонатологиядағы қарқынды терапия бойынша семинар өтті
2026 жылғы 3–7 тамызда Сарыағаш көпсалалы орталық аудандық ауруханасының базасында «Неонатологиядағы базалық қарқынды терапия. Жаңа туған нәрестелерді реанимациялаудың жаңа алгоритмі. Неонаталдық мейіргерлердің манипуляцияларды орындау алгоритмдері» тақырыбында семинар өтті.
Қатысушылар жаңа туған нәрестелерге шұғыл көмек көрсету дағдыларын, реанимацияның заманауи алгоритмдерін және негізгі неонаталдық манипуляцияларды пысықтады. Оқытуда практикалық сабақтарға, клиникалық жағдайларды талдауға және командалық жұмысқа назар аударылды.

Пікір қалдыру