Ұлытау облысында МСАК және стационар акушер-гинекологтары оқытылуда
Ұлытау облысында алғашқы медициналық-санитариялық көмек және стационар акушер-гинекологтарына арналған оқыту екі лекпен өткізіліп жатыр.
МСАК мамандары қалыпты және асқынған жүктілікті жүргізу, клиникалық ұсынымдар, қауіп факторларын анықтау және акушерлік асқынулардың алдын алу мәселелерін қарастырады. Перзентханалар мен стационарлардың мамандарына арналған сабақтар қалыпты және асқынған босануды жүргізуге, көмек көрсету алгоритмдеріне, клиникалық жағдайлар мен практикалық дағдыларға арналған.
Екі лек мамандардың медициналық көмектің әр деңгейіндегі жұмыс ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру