Миссия
Денсаулық сақтау мамандарының кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында заманауи білім беру технологияларын, озық ұлттық және халықаралық тәжірибелерді енгізу арқылы сапалы, қолжетімді және тәжірибеге бағдарланған бейформалды медициналық білім беруді қамтамасыз ету.
Пайым
Ұлттық медициналық білім беру орталығы – білім беру қызметтерінің жоғары сапасы, оқытудағы инновациялық тәсілдері және тиімді халықаралық ынтымақтастығы үшін кәсіби медициналық қоғамдастық мойындаған Қазақстан Республикасындағы бейформалды медициналық білім берудің жетекші орталығы.
Корпоративтік құндылықтар
Кәсібилік
Қызметкерлер мен оқытушылардың білімін, дағдылары мен құзыреттерін тұрақты жетілдіру.
Сапа
Білім беру қызметтерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және халықаралық стандарттарға сәйкестігі.
Жауапкершілік
Нәтижеге бағдарлану және тыңдаушылар, серіктестер мен жұмыс берушілер алдындағы міндеттемелерді орындау.
Инновациялылық
Заманауи білім беру технологиялары мен цифрлық шешімдерді енгізу.
Әріптестік
Медициналық ұйымдармен, ғылыми орталықтармен және халықаралық білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты дамыту.
Үздіксіз даму
Ұйым қызметінің барлық процестерін тұрақты жетілдіру.
Стратегиялық даму
«Ұлттық медициналық білім беру орталығы» ЖШС қызметі 2023–2027 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Дамудың негізгі бағыттары – бейформалды медициналық білім беру сапасын жетілдіру, медициналық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту, оқытушылық әлеуетті дамыту, оқытудың заманауи әдістерін енгізу және халықаралық әріптестікті нығайту.
Білім беру сапасын қамтамасыз ету жүйесі
Ұлттық медициналық білім беру орталығында бейформалды медициналық білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі жұмыс істейді.
Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, қарау және өзектендіру Оқу-әдістемелік бөлім мен Оқу-әдістемелік кеңестің (ОӘК) қатысуымен жүзеге асырылады.
Семинарлар, мастер-кластар мен тренингтер аяқталғаннан кейін күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізу деңгейі бағаланады. Қорытынды бақылау нәтижелері емтихан ведомостарында «зачтено» немесе «не зачтено» деген белгімен тіркеледі.
Білім беру бағдарламаларын жетілдіру мақсатында тыңдаушылардың сауалнамалары, оқытушылардың есептері және тапсырыс беруші медициналық ұйымдардың ұсыныстары талданады.
Институционалдық аккредиттеу
«Ұлттық медициналық білім беру орталығы» ЖШС Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (НААР) институционалдық аккредиттеуінен өткен.
Орталықтың білім беру қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, ішкі нормативтік құжаттарды және білім беру сапасын үздіксіз жетілдіру қағидаттарын ескере отырып жүзеге асырылады.
НААР институционалдық аккредиттеу туралы куәлігін қарау (2022–2027)
