Оқытушыларды ынтымақтастыққа шақырамыз
«Ұлттық медициналық білім беру орталығы» ЖШС денсаулық сақтау саласындағы білім беру іс-шараларын өткізу үшін оқытушыларды ынтымақтастыққа шақырады.
ҰМБО бейресми медициналық білім беру саласында қызмет атқарады. Оқыту нақты іс-шараның бағдарламасына сәйкес офлайн форматта — ҰМБО немесе медициналық ұйым базасында өткізіледі.
Оқытушыларға қойылатын талаптар
- ғылым докторы немесе кандидатының ғылыми дәрежесі не философия докторы (PhD) немесе магистр академиялық дәрежесі;
- оқытылатын мамандық бейіні бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі;
- кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық өтілі;
- соңғы 5 жылда оқытылатын бейін бойынша кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) көлемінде біліктілікті арттыру.
Сұрақтар бойынша тыңдаушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз: 8 707 565 60 10.
